«Желіде суреті тарады»: Тәуекел Мүсілім үйленді ме?

 «Желіде суреті тарады»: Тәуекел Мүсілім үйленді ме?
Суретте Тәуекелдің қолында діни неке куәлігі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде талай қыздың жүрегін жаулаған Тәуекел Мүсілімнің белгісіз арумен түскен суреті тарады. Бір қызығы, бұл жолы актердің қолында діни неке куәлігі бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде пайда болған суреттерден актер мен орамал таққан арудың жанында тағы бір азамат тұр. Ал Тәуекелдің қолында діни неке куәлігі бар.

Фотоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз, алайда желі қолданушылары актер мен бойжеткен мұсылманша некелерін қидырды деп болжауда.

Айта кетерлігі, бұл суретке қатысты Тәуекел Мүсілімнің өзі әзірге ресми жауап берген жоқ.

Сымбатымен қыздардың назарына ілігіп жүрген отандық жұлдызға көпшілік бақыт тілеп үлгерді.

"Бақытты болыңдар", "Екеуі жараспайды", "Қыз өте сүйкімді екен", "Бұл кім?" , "Үйленсін, бақытты болсын", "Кино емес пе", "Куәгер болып барған шығар", "Өзі біледі", "Қарындасы шығар", "Жасы келді ғой, үйленсін" деп жазды олар.


Новости партнеров