Қазақстан режиссерлері шетелдік әріптестерімен бірігіп үш фильм түсіреді
pvsm.ru
Олар: «Спасение в степи» (Қазақстан – Испания), «Өліара» (Қазақстан – Венгрия), «Көкбозат» (Қазақстан – Ресей)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.
«Шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Бұл ретте, қазіргі таңда «Спасение в степи» (Қазақстан – Испания), «Өліара» (Қазақстан – Венгрия), «Көкбозат» (Қазақстан – Ресей) бірлесіп шығарылатын киножобалар өндірісте екенін атап өтеміз. Айта кету керек, бұл мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға үмітті болған көптеген бірлескен өндіріс киножобаларының ішіндегі ең үздіктері болып табылады», – деп жазылған вице-министрдің жауабында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36