Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

17.07.2019 17:32

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде телетоптама саундтрегіне арналған жаңа әнін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Бүгін менің телетоптамаға арналған жаңа саундтрегім жарық көреді», - деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Тыңдармандар Couldn't Leave (Кете алмадым) әнін сәл кейінірек тыңдауға мүмкіндік алды. Ал «ВКонтакте» желісіндегі Димаш Құдайбергеннің Еуразия фан-клубы әннің мәтінін орыс тіліне аударып жариялады.