Миллиондаған тыңдарманның жүрегінен орын алған Қайрат Нұртас бір тыңдарманының көңілін қалдырды. Ол жанкүйері ұсынған сыйлықтан бас тартты.
Әдетте тыңдармандарына киімін сыйлайтын Қайратқа бұл жолы тыңдарманы костюмін ұсынды. Оқиға сахна сыртында өрбіді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші жанкүйерінің өтінішінен бас тартып, қолын қақты. Костюмді алмайтынын айтты. Есесіне онымен суретке түсуге қарсы емес екенін білдірді. Тыңдарманының сөзін тыңдамай, ол жерден дереу кетіп қалды.
Бұл жағдайға оң қабақ танытып, әншіні құптанғандар да, жерден алып жерге салғандар да бар.
Видеода жанкүйердің ыммен сөйлеп тұрғаны байқалады.
"Жанкүйері мылқау ма? Сөйлей алмай тұр ғой", "Қарапайым адамның киімін менсінбей тұр ма?","Жұлдыздық деген осы ғой, тәкаппарлыққа бой алдырыпсың", "Ала салсаң нең кетер еді, сахнаға киіп шықпайсың ғой", "Небір тыңдарман бар, оның әрбір сөзін тыңдай берсе, не болады?" - деп жазды желідегілер.