«Кешірім сұраймын»: Бостандыққа шыққан Гауһар Әлімбекова көзіне жас алды (видео)

06.02.2019 17:11
nur.kz

Қолхат арқылы бостандыққа шыққан Гауһар Әлімбекова көпшілікке видео-үндеу жолдады. Өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтқан әнші көзіне жас алған, деп жазады NUR.KZ.

Гауһар Әлімбекова видео-үндеуді өзінің Instagram парақшасына жүктеген.

«Сіздерден алдымен кешірім сұраймын. Себебі, келгелі бері әлі алғысымды айтып үлгермедім. Суық жақтан келгендіктен, мазам болмай жатып қалдым. Есімді енді ғана жинадым.

Құрметті Ләйлә Сұлтанқызы, менің сүйікті әпкелерім Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова бастаған өнердегі әріптестерім, ақпарат құралдары мен сүйікті қазақ халқы, осы видео арқылы менің жағдайыма алаңдаған әр жанға алғыс білдіремін! Әуелі Алла, содан соң өнердегі жанашырларымның арқасында жағдайым сәл де болса жақсарды. Тас қамақтан туған-туыстың ортасына оралдым. Ал негізгі шешім апелляциялық сот кезінде белгілі болады», - деп көзіне жас алды әнші.

Еске сала кетейік, 30 қаңтарда Гауһар Әлімбекова «алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылған болатын.