Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды
Кітап форумын аралап көрген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Б. Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында кітап фестиваліне барғанын айтты.
«Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады», – деп жазды Алматы әкімі.
Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтуде. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысады, бетперде тағу міндетті болып табылады.