Қазақстан туын қолға ұстаған байкерлер қала көшелерімен жүріп өтті
Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай мотошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv Baq.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстан туын қолға алған байкерлер Алатау ауданынадағы Рысқұлов пен Әшімов көшелерінің қиылысынан бастап, Рысқұлов, Мөңке би, Сайын көшелерін жүріп өтті.
Байкерлер мотошеруді Алматы Арена спорт кешенінде аяқтады.
Осы жерде Мемлекеттік рәміздер күніне орай әнұран ойнатылып, Қазақстан туы көтерілді.