Шымкенттік Дидар Әбдіхалық «Жас Қанат-2019» байқауының жеңімпазы атанды

03.06.2019 19:15

BNews.kz

XXVIII республикалық «Жас қанат-2019» жас әншілер байқауы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Байқаудың ақтық кезеңі Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Финалда 5 үміткер өзара бақ сынады.

«Биыл жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты шара жылдағыдан өзгеше форматта өтті. Ең алдымен «Қазақстан аруы» сұлулық байқауының қорытындысы шығарылды. Олар бір емес, бірнеше сыйлық тапсырды. Сондай-ақ  «Хан» триосының сынталандыру сыйлығы тағы бар. Олар сахналық костюм алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табыстады», - делінген хабарламада.

Екінші вице-мырза нұрсұлтандық Жанболат Ұзақбай атанды.  Бірінші вице-мырза семейлік Олжас Оспан болса, «Жас қанат» мырза атағына Дидар Әбдіхалық лайықты деп танылды. Ақерке Көпжасар ұлттық құндылықтарды сақтағаны үшін «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығына ие болды. Ал, жартылай финалға дейін өнер көрсеткен семейлік Айым Имашева қала әкімінің сыйлығына алды. Байқаудың ақпараттық серіктесі «Астана» радиосы өзінің сыйлығын Жанболат Ұзақбайға берді. Биыл Олжас Оспан мен Ақерке Көпжасарова дипломант атанды.

XXVIII «Жас қанат-2019» жас әншілер байқауының жеңімпаздары: Көкшетаулық Әділ Балтабаев конкурстың үшінші премиясы мен «Қола қанат» иегері  атанды. Нұрсұлтандық Жанболат Ұзақтай екінші орын алып, «Күміс қанат» пен «Астана» радиосынан бір жыл бойына ротациялау құқығына ие болды. «Жас қанат» байқауының «Алтын қанаты» мен бірінші премияны және байқаудың жеңімпазы атағын шымкенттік Дидар Әбдіхалық жеңіп алды.