«Сахнада құлап қала жаздадым»: Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде үздік үштікке енді (видео)
Азия елдері арасында шоу-бизнес және музыка индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде алғашқы үштікке енді. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Әнші Оңтүстік Кореяда өткен Face of Asia Халықаралық өнер фестиваліне қатысуды дәстүрге айналдырған деуге болады. Биыл Орта Азияның атынан өнер көрсеткен Айдана Меденова «Азия елдері арасында шоу-бизнес және музыка индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатына ие болып, үздік үштікке ілікті.
«Бүгін мен үшін өте сәтті күн! «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деген сөз дәл келетін сияқты. Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұр. Қолдау көрсетіп, құттықтап жатқан баршаңызға алғысым шексіз. Қатты қобалжығаннан сахнада құлап қала жаздадым. Құттықтағандарыңызға рақмет!» – деп жазды Айдана Меденова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41