Екібастұзда бір мезетте 300 адам домбыра шертетін концерт қойылмақ

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Соған дайындық ретінде тегін домбыра үйірмесі ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жас ерекшеліктеріне қарамастан, ниет білдірген жандардың барлығын бір айда  үйрету жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Естай атындағы қалалық музыка мектебінде тегін домбыра үйірмесі ашылды.

«Домбыра қай заманда да өзектілігін жоғалтпай келеді. Себебі бүгінге дейін көптеген заманауи музыканттар домбыраны өз композицияларына қосады», – деп хабарлады мектеп директоры Медғат Манапов.

Бұл үйірме 7 шілдеде өтетін Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылуда.

Музыкалық мектеп «Богатырь», «Восточный», ГРЭС-1, ГРЭС-2 разрездерінің өкілдерін үйірмеге шақырады. Жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.

«Жастар жылы біз барынша көп адамға домбыра тартуды үйреткіміз келеді. Үйірме күн сайын өтеді. Топтарды болашақ домбырашылардың жұмыс кестесіне байланысты ұйымдастырамыз. Оларды музыка мектебінің он педагогы оқытады. Ұлттық домбыра күніне орай, Екібастұзда бір мезетте 300 адам домбырада ойнайтын концерт дайындалып жатыр», - дейді Медғат Манапов.


Новости партнеров