9-13 қазан аралығында Алматыда алғашқы рет Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Фестиваль аясында Қазақстан, АҚШ, Ресей, Грузия, Румыния және Германиядан келген фортепиано музыкасының үздік өкілдері өнер көрсетеді.
Фестиваль регламенті мынадай іс-шаралардан тұрады:
9 қазан, 14:00
Баспасөз конференциясы. Консерваторияның үлкен концерттік залы
9 қазан, 19:00
Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh piano fest – 2023» I Халықаралық фортепиано музыка фестивалінің ашылуы. Консерваторияның үлкен концерттік залы
10 қазан, 19:00
«Crescendo» жас пианистердің концерті. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы
11 қазан, 10:00
Вадим Пальмовтың шеберлік дәрісі. Консерваторияның №204 аудиториясы
11 Қазан, 15:00
«Қазақстан менің жүрегімде. Коган музыкалық әулетіне арнау» кітабының ашылу салтанаты. Консерваторияның мәжіліс залы
11 қазан, 19:00
Елена Шиннің «Ұстазды еске алу» фортепиано музыкасының концерті. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы
12 қазан, 10:00
Манана Гоциридзенің шеберлік дәрісі. Е. Коган атындағы консерваторияның №211 фортепиано аудиториясы
12 қазан, 19:00
«Қазақ рапсодиясы» фортепианолық музыка кеші. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы
13 қазан, 10:00
Дмитрий Новгородскийдің шығармашылық кездесуі және шеберлік дәрісі. К. Бәйсейітова атындағы РММОМИ-ның үлкен залы
13 қазан, 19:00
Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh piano fest – 2023» I Халықаралық фортепиано музыкасы фестивалінің салтанатты жабылуы Консерваторияның үлкен концерттік залы.
Оқи отырыңыз: Алматыда Алматы-Пусан достық концерті өтті