|
24.09.2022 | 12:49
9618

Димаштың Алматыдағы концерті аншлагпен өтті

Бұл - Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті

Димаштың Алматыдағы концерті аншлагпен өтті nur.kz

Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл - Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті.

«Бұл концертті осындағы ағайынға, жерлестеріме алғаш беріп отырмын. Ол тіпті мен үшін емтихан десем де болады. Сонымен қатар сіздердің көңілдеріңізден шығып, баталарыңызды алу үшін алғаш рет осында келіп тұрмыз. Жалпы мен 15 жасымда дәл осындай лық толы стадионда халықпен бірге ән орындасам деп армандайтын едім. Сол арманым сіздердің арқаларыңызда орындалып жатыр»,- деді әнші концерт алдында.

Концертте Димаш Құдайберген бұрыннан айтып жүрген әндерімен қатар, жаңа туындыларды да орындады.

Сонымен қатар Димаш туған інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің сөзіне жазылған әнді сахнаға алып шықты.

Концертте халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнерлерін ортаға салды.

Шоуға жиналған халық Димашпен бірлесе әндер орындады. Концертте сондай-ақ қобыз, домбыраның тарихынан сыр шертетін бейне роликтер көрсетілді.

Шоу барысында Димашты өзінің бэнд-тобы сүйемелдеді.

Жалпы концерт аншлагпен өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир