«Ақорда» холында орнатылған ескерткіштер туралы мәлімет ұсынылды
Ақорда
Бұл өнер туындыларының символдық мәні зор
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Ақорда» резиденциясының орталық холына ерекше көрік беріп тұрған «Отан қорғаушы» және «Отбасын сақтаушы» ескерткіштері туралы мәлімет ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың Telegram-каналына сілтеме жасап.
Мүсіндердің авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Ерболат Төлепбай. Оларды алтын мен күмісті араластыра отырып, қола мен алюминийден құйған.
«Бұл өнер туындыларының символдық мәні зор. Жас сарбаздың тұлғасынан халқымыздың өрлігі мен батылдығын тануға болады. Ал баласын құшақтап тұрған ана бейнесі бейбітшілікті, жасампаздықты және өмірдің жалғасатынын білдіреді», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
30.10.2026 18:15
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31