|
25.11.2022 | 13:01
3397

Алматыда «Бастау» кинофестивалі өтеді

Фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы байланысты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету

Алматыда «Бастау» кинофестивалі өтеді Brod.kz

2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Алматыда «Бастау» X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фестивальді Tanaris Production кинокомпаниясы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Фестивальдің серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы байланысты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету. Фестиваль президенті Сергей Әзімов айтқандай, «Бастау» жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсынады. «Бастау» 10 жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді және фестивальдің кәсіби және ұйымшыл ұжымының арқасында барлық қиындықты еңсеріп отыр.

«Сондықтан біз үшін басты идея, негізгі тұжырымдама мынандай болды: бәріміз – ұйымдастырушылар, басшылар –  ең жоғары кәсіби мағынадағы қызмет көрсетуші персонал болуымыз керек. Біз осы оқиғаның басты кейіпкерлері – авторлар, режиссерлер, операторлар, драматургтер, жас актерлер айналасында құрылған инфрақұрылымды жасаймыз. Біз оларға осыны сезіндіруіміз керек», – дейді ол.

Биылғы жылы фестиваль режиссер Яна Скопинаның «Скоро кончится лето» атты фильмінің тұсаукесерімен ашылады. Бұл оның толықметражды дебюті. Яна «Бастау» түлегі, оның алғашқы туындысы «Ты что-то прячешь в кулаке» атты қысқаметражды фильмі V «Бастау» ХКФ-да үздік деп танылған. 2015 жылы жүлде алғанда, сахнада үлкен картинамен осында оралуға уәде берген еді. Оның жаңа киносының сюжеті 1990 жылы көпұлтты аулада бір жаздың оқиғасына негізделген. Ол «Кино» тобының музыкасына және өзгеріс сезіміне толы. Басты кейіпкер Баха есімді жас жігіт поляк қызына ғашық болады…

Фестиваль 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ашылады. Chaplin Cinemas кинотеатрында жабылуы өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын bastauiff.com сайтынан және біздің bastauiff – Instagram және Facebook парақшамыздан көріңіздер.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир