|
25.11.2022 | 14:24
1993

Қатар-2022: Нидерланд құрамасы Эквадорды жеңе ала ма

Екі құрама өзінің тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр

Қатар-2022: Нидерланд құрамасы Эквадорды жеңе ала ма sports.kz

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алтыншы ойын күнінде, 25 қарашада А тобында екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы кездесу Қатар мен Сенегал арасында өткізіліп, елорда уақытымен 19:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу ел астанасы - Доха қаласында 44400 жанкүйерге арналған «Эль-Тумама» стадионында өткізіледі. Бас төреші - испаниялық Антонио Лаос.

Екі құрама өзінің тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр.

Бірінші турда Қатар құрамасы Эквадорға, Сенегал Нидерландыға 0:2 есебімен жол берді.

Сондықтан бүгінгі кездесудің екі құрама үшін де маңызы артып тұр. Екеуі де жеңіске жететін жолды іздейтіні анық. Рас, бірінші кездесуде қатарлық футболшылар жанкүйер күткен ойын өрнегін көрсете алған жоқ. Ал сенегалдық құрама соңғы сәтте ғана қарсыласына есе жіберіп қойды.

Енді екеуі өздерінің шеберлік деңгейі қандай екенін көрсетуіне мүмкіндік туып отыр.

Аталған топтағы Нидерланд пен Эквадор елорда уақытымен 22:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын ел астанасы - Доха қаласында орналасқан 45857 жанкүйерге арналған «Халифа Интернейшнл» стадионында өткізіледі. Бас төреші - алжирлік Мустафа Горбаль.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте жолдастық кездесу өткізді. 2006 жылы 1 наурызында нидерландылық футболшылар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түссе, 2014 жылдың 17 мамырында 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Құрамалар алғашқы жеңісінен кейін турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Десе де плей-офф сатысына шығу мүмкіндігін ертерек шешуге тырысатыны анық. Сондықтан жанкүйерлер олардың тарапынан тартысты ойын күтеді.

Сондай-ақ, бүгін, 25 қарашаада елорда уақытымен 16:00-де Уэльс пен Иран кездесуі «Qazsport», 01:00-де Англия мен АҚШ ойыны «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, 24 қарашада бірінші тур ойындары мәресіне жетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир