Шарада жеткіншектер ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, музыкалық аспаптарда да өнер көрсетті. Фестиваль қатысушыларын қолдауға 200-ге жуық адам келген.
«Балалар бұл шараға қатысу арқылы, өздерінің мүмкіндігі шектеулі емес екендігін сезінеді. Осы арқылы психологиялық және физикалық тұрғыда дамиды. 3 ай бұрын дайындықты енді бастағанда жеткіншектер анық сөйлей алмайтын. Қазір оң нәтижені байқауға болады. Бұл – деген керемет жетістік!», – деді қайырымдылық фестивалінің ұйымдастырушысы Эльмира АЛИЕВА.
Шараның мақсаты – кембағал балаларды психологиялық жағынан дамытып, әлеуметтік қолдау көрсету. Сондай-ақ, сахнада қымсынбайтындай етіп ашу. Қойылымдарда ерекше жандармен бірге мектеп оқушылары да өнер көрсетті. «Қызыл алма» деп аталалатын фестиваль осымен 8-ші рет ұйымдастырылып отыр.