Бибігүл Төлегенова атындағы XII халықаралық вокалистер байқауы басталды

11.09.2023 18:23

Байқау 11-17 қыркүйек аралығында өтеді

Сурет: dailynews.kz

Алматыда қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова атындағы XII халықаралық вокалистер байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл конкурс Ұлттық академиялық опера және балет театрының 95-маусымының ашылуымен тұспа-тұс келді. Әлемнің түкпір-түкірінен келген опера әншілері қатысатын дода 11-17 қыркүйек аралығында өтіп, нағыз майталманды анықтайды.

– Жас өнерпаздар конкурс арқылы шыңдалады. Жарыста әр номинация бойынша мықтыны анықтаймыз. Қазылар алқасының мүшесі боламын, нағыз майталманның жеңіске жететініне сенем, – деді халықаралық конкурстардың лауреаты Елена Заремба (Люксенбург).

Оқи отырыңыз: Алматыда «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесі өтеді