|
15.08.2020 | 14:15
12873

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған композитордың биыл 90 жылдығы

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған композитордың биыл 90 жылдығы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Шәмші Қалдаяқов Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Шәмшінің әкесі ұл туса Жәмшид патшаның атын қоямын деп жүрген кезінде түс көрген. Түсінде ұлының көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көрген. Мұны Шәмшінің әкесі жақсылыққа жорыған. 

Айы-күні жетіп, анасы Сақыпжамал босанып, сәбидің есімін Жәмшит қояды. Анасының әлдиін тыңдамаса ұйықтамайтын балаға Естайдың "Қорланын" ыңылдап айтып отырып тербеткеннен бе, Шәмшінің өмір бойы сүйіп айтатын әні "Қорлан" болыпты.

Композитор бірден өнер жолына түспеген. Әуелі Қапланбектегі зооветтехникумды бітіріп, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған. Әлдебір себептермен Шәмші диплом ала алмай, өмірінің соңына дейін әуесқой сазгерлер қатарында жүрген.

Шәмшінің әкесі Қалдаяқтың азан шықырып қойған есімі - Әнәпия. Аяғындағы қалды көрген жеңгелері бала күнінен "Қалдыаяқ" деп атап кеткен. Мектеп жасынды "Кімнің баласысың?" деген сұраққа "Қалдаяқтың баласымын" деп жауап берген екен. Себебі әкесінің есімі шынында да Қалдаяқ деп ойлаған. 

Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен, әншілікпен әуестігі жоқ болады. Сондықтан бұл қасиет бала бойына шешесінен, нағашыларынан дарыса керек. Анасы Сақыпжамал той-жиындарда тамылжытып ән шырқайды екен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир