Дүниежүзіне танымал әртістер Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсетті. Станиславский және Немирович Данченко атындағы академиялық музыка театры «Ұйқыдағы ару» қойылымын сахналады. Бұл – «Әлем балетінің жұлдыздары» фестивалінде дүниежүзіне танымал әртістер өнер көрсетіп жатқан екінші қойылым, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі
«Аталған жоба белгілі әртіс және ұстазымыз Ұлан Мерсеидовке арналады. Біз өнер көрсететін әлем жұлдыздарын жарнамалап қана қоймай, сондай-ақ отандық өнер қайраткерлерін жарыққа шығарғымыз келеді. Бұл өте маңызды. Мұндай ұстаз бар екенін, осындай балет әртістерін тәрбиелегенін білуі керек», – деді жеке компания президенті Нұрлан ҚОНАҚБАЕВ.
Балет қойылымының негізгі кейіпкерлері Алматыға алғаш рет келіп отыр. Әртістердің сөзінше, жаңа сахнада өнер көрсету әрдайым қиын және үлкен жауапкершілік екенін айтады.
«Театрда спектакль, заманауи қойылым және кастинг қатар жүргізілгендіктен, оның үйлесуі қиын. Алайда бәрі қызық, әрі ерекше сезімге бөледі. Премьераның алдында қобалжу болуы орынды. Себебі егер сен барлығы дайын деп босаңсып шықсаң, қойылымда оның барлығы көрінеді», - деді Станиславский және Немирович-Данченко атындағы Мәскеу академиялық музыка театрының прима балеринасы Оксана КАРДАШ.