Қала күнін мерекелеу аясында 12-19 қыркүйек аралығында Мемлекеттік қуыршақ театры көңілді көрсетілімдер ұсынады, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметі.
Қаланың барлық сегіз ауданының көрермендері үшін театр репертуарының үздік спектакльдері және түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығын бейнелейтін арнайы қойылым, «Қуыршақтар шоуы» ұсынылады. Қойылымның авторы мен режиссері - С. Шүкіров, К. Ешмұратова. Тағылымы жоғары көрермен үшін «Арыстанның қорқынышын қалай жазуға болады?» атты интерактивті қойылым көрсетіледі. Авторы - М. Дългечева, режиссері - К. Андреева.
Алғашқы «Қуыршақтар шоуы» концерті 12 қыркүйекте Оқушылар Сарайының алдында өтті.