Алматыда жыраулық өнер туралы бірегей кітап жарық көрді

Almaty.tv
Almaty.tv
«Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» атты кітаптың авторы – жыршы Әбіш Әділбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Ұлттық кітапханада жыршы Әбіш Әділбектің «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ежелгі сақ, ғұн дәуірінен бастап, патшалы Ресей кезіндегі жыраулар сөзінен сыр шерткен туынды, қазақ ұлтының салт-дәстүр, тарихы мен жыраулық өнерін, тектілігі мен даналығын айқындап бергендей. Хрестоматиялық оқу құралы ретінде жазылған бұл еңбек жас ұрпаққа түбіміздің кім екенін, қазақтың қайдан шыққанын һәм кім болғанын танытып, тарихи санасын қалыптастыруда үлесі зор болмақ дейді жиналғандар.  

«Тәуелсіз елімізде тәуелсіз, азат болып өмір сүруіміз керек. Тәуелсіздігіміз баянды болуы керек. Құлдық санадан арылуымыз керек. Сол құлдық санадан арылып, ұлттың рухын көтеріп, жас ұрпаққа тарихи санасын қалыптастыру мақсатында осы кітапты жазып шықтым», - деді «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» кітабының авторы Әбіш Әділбек.

Новости партнеров