Зинат Акбарова тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды

30.11.2023 18:42

Алматыдағы ұйғыр театрының тұңғыш кәсіби актрисасы бұл үйде 50 жыл тұрды

Almaty.tv

Алматыдағы ұйғыр театрының тұңғыш кәсіби актрисасы, Қазақстанның халық әртісі Зинат Акбарова 50 жыл тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек жолын ұйғыр музыкалық театрында балет бишісі ретінде бастаған әртіс 1958 жылы драмалық труппаға қосылып, басты рөлдерді ойнады. Қоғамдық қызметте де белсенді болған Зинат Асқарқызы сахнада 100-ден аса образды сомдап шыққан.

– Ол талапшыл кісі еді. Кез келген рөлді жоғары деңгейде ойнайтын. Интеллектуал адам болғанын да айта кеткім келеді. Көп оқитын, ізденетін, – деді Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Дильмурат Бахаров.

– Өнерге толық берілген адам еді. Мәслихат депутаты, кеңес мүшесі сынды маңызды міндеттерді де атқаруға үлгеретін. Анам да, өз отбасының басқа мүшелері сияқты атамыз да ғұмырын театрға арнады, – деді Зинат Акбарованың қызы Гүлбахар Семятова.

Оқи отырыңыз: Өнердің Махамбеті: Тұңғышбай Жаманқұлов 75 жасқа толды