Маңызды құжат 3 негізгі бағыт бойынша әзірленген
Көпқабатты тұрғын үйде терезелердің сыртын арнайы құлыппен жабдықтау міндеттеледі. Бала қауіпсіздігіне қатысты жаңа заң жобасын мәжілісмендер мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңызды құжат 3 негізгі бағыт бойынша әзірленген. Алғашқысы – оқу ордасындағы оқушының бас амандығы. Депутат Асхат Аймағамбетов дерегінше, соңғы 2 жылда 100-ден аса баланың терезеден құлау фактісі тіркелген. Олқылық әсіресе, үлкен мегаполистерде орын алып жатқан көрінеді. Сондықтан мәжілісмен мәселені арнайы заңмен реттеу керек екенін атап өтті.
– Негізігі мәселе – кішкентай балалардың терезелерден құлауы. Өкінішке қарай, соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Қайтыс болған балалар да бар. Сондықтан заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмін орнатып немесе құлыппен қамту міндеттеледі, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Сенат Салық кодексін Мәжіліске қайтарды