|
09.08.2022 | 13:43
4018

Елімізде 10 тамыз - Абай күні деп белгіленді

ҒЗИ елімізде алғаш рет «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» атты 50 томдық жинақты құрастырып шықты

Елімізде 10 тамыз - Абай күні деп белгіленді inform.kz

Елімізде 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні деп белгіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы атаулы күннің құрметіне Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтті. 

2009 жылы құрылған Абай институты өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді. Негізгі бағыты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын қоғамдық гуманитарлық ғылым салаларының тоғысында зерттеу. Институттың Аbai.kaznu.kz. веб-сайтында ғылыми-әдістемелік оқулықтарының мол қоры бар.

ҒЗИ елімізде алғаш рет «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» атты 50 томдық жинақты құрастырып шықты. Таңдамалы еңбектердің» 50 томдық басылымы негізінде іріктеліп «Абайтану антологиясының» 10 томдығы дайындалды.

Ләйлә Мұсалының айтуынша, Абайтану антологиясы – қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі, Абайтану тарихындағы үлкен жетістіктің бірі. «Абайтану антологиясына» М.Әуезов, Қ.Мұқамедханов, М.Мырзахметов, Р.Сыздықова, З.Ахметов, Ж.Ысмағұлов т.б. көрнекті абайтанушылардың іргелі  ғылыми монографиялары, Абайтану саласындағы іргелі мәселелерді ғылыми тұрғыда пайымдайтын жекелеген зерттеулер, Ж.Дәдебаевтың «Абайдың антропологизмі» монографиясы, кейбір пәнаралық сипаттағы еңбектер енген.

Сондай-ақ Абайтану антологиясы атты интеллектуалдық базасы ашылғанын жеткізді. Бұл база Қазақстанның білім және ғылым жүйесі үшін, жалпы дүниежүзі қазақтарына жол ашатын игілікті үлкен базаға айналуы тиіс.

«Мемлекет басшысы алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде Абайтану курсын оқыту керек деп нақты міндет қойды. Осы бағытта ҚазҰУ жанында Абай ғылыми-зерттеу институты ойшыл ақынның мұрасы мен Абайтану бойынша еңбектерді ғылыми айналымға енгізу мақсатында нақты жұмыстар атқарып келеді. Абай ілімін білу жобасы аясында Абай токсаномиясы мәселесі көтерілуде. Абай таксономиясы атты жаңа ғылыми бағытты негіздеп жатырмыз. Осы жұмыстардың аясында тек КазҰУ-де ғана емес, барлық ЖОО-да жалпы білім беретін пәндер қатарына қосуды ұсынамыз», - деді Ләйлә Мұсалы.

Абайдың қара сөздері бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Орыс тілінде «Қара сөздердің» үш бірдей нұсқасы бар. Абайдың қара сөздері әлі де жіктеліп, зерттеліп, тереңірек мән-мағынасын ұғынған сайын,  бүгінгі заманның адамын рухани жағынан байыта түседі.

Ләйлә Мұсалы «Президенттің «Абай – рухани реформатор» мақаласында айтылған пайымдауларға ұстаздар қауымы оқыту процесі барысында үнемі назар аударатынын жеткізді.

«Рухани реформатор деген қоғамның санасын алға жылжытушы деген мағынаны білдіртетінін ұмытпаймыз. Мақалада айтылғандай, Абайдың айтқан бес дұшпан мен бес асыл істі білу керек деген іргелі ойлардың маңызы бар. Абайдың таза ұлттық сипатта жазылған шығармалары арқылы мемлекеттік тілді үйретуді қолға алу керек. Абайдың бір өлеңін жаттаған бала, қазақтың сөзі мен өлеңінің құдіретін түсінуге және мемелекеттік тілді жетік меңгеруге оңтайлы жол болады деген пікірге қосыламыз. Абай – біздің рухани дамудағы темірқазығымыз бен ұлттық бағдарымыз болу керек», - деді Ләйлә Мұсалы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир