Спектакль Наталия Сац атындағы жасөспірімдер театрында сахналанды
Алматыдағы Мұқан Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебі Наталия Сац атындағы жасөспірімдер театрында «Ветер перемен» мюзиклін көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай бастама балаларды қорғау күніне және оқу ордасының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған. Спектакльде тек актерлігін танытып қоймай, вокалдық орындау, хор және хореография жанрында өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар «мюзиклдің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор» дейді
– Мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің өнерін көрерменге көрсету. Музыкалық мектеп болғандықтан, оқушыларды жан-жақты дамыту жолға қойылған. Аспаптан бөлек, жастардың әртістік қырын дамыту қажет. Бұл – үлкен еңбек. Көрермен бағалайды, – деді М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебінің директоры Сергей Романов.
Оқи отырыңыз: Жазғы демалыс: мұғалімдер қалай демалады