Он картина 1971 мен 2009 жылдар аралығында түсірілген
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген он мультфильм YouTube-те жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жаңа жыл бұл - сыйлықтар, ғажайып пен тосынсыйлар уақыты. Бұл мерекені әсіресе балалар жақсы көреді. Жас көрермендерімізге біздің де дайындаған тосынсыйымыз бар. Біз «Қазақфильм» шығарған 10 мультфильмді ашық көрсетілімге шығардық», – делінген киностудияның Instagram-дағы хабарламасында.
Он картина 1971 мен 2009 жылдар аралығында түсірілген. Олар: «Кім патша болады?», «Голубая планета», «Волшебное зеркало», «Держись, ребята!», «Цыпленок», «Чьи уши лучше?», «Менікі», «Последний олень», «Момын мен қарақшылар», «Ұры мен қасқыр».