Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр. Алматыдағы Достық үйінде халықаралық ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен жиынға белгілі қоғам қайраткерлері мен этномәдени орталықтың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу барысында өлең оқылып, көпшілік көңілінен шыққан «Менің атым Қожа» повесінен үзінді қойылды. Мекеме басшысының айтуынша, іс-шараның мақсаты ұлтаралық қатынастарды нығайту арқылы, тұлға есімін дәріптеу, төл туындыларын таныту.
– ЮНЕСКО көлемінде атқарып отырған Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби іс-шараны ұйымдастыру барысында, «балалар әдебиет оқымайды, көңіл бөлмейді» деген пікірдің артық айтылғанына көзім жетті. Мектептің ұстаздары, оқушыларының Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына деген қызығушылығы ерекше екенін байқадым, – деді республикалық Достық үйінің басшысы Нұрсауле Әлтекова.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрында жөндеу жұмысы аяқталды