|
13.09.2020 | 14:02
1481

Қандасымыз «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды

Қайрат Ғалымұлы «Дәуір ағысында» атты картинада бас рөлді сомдаған

Қандасымыз «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды CNR

Қандасымыз «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқапарат Қытайдың Орталық халық радиосына (CNR) сілтеме жасап.

Қытайдың XV Чаңчұн бүкіл мемлкеттік кинофестивалінің жеңімпаздарының есімі жарияланды, деп жазады Қытайдың «Орталық халық радиосы». Аталған БАҚ-тың дерегінше, кинофестивальге қатысқан «Дәуір ағысында» атты картинада бас рөлді сомдаған Қайрат Ғалымұлы Қытайдың «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын еншілеген. 

«Бұл «Дәуір ағысында» атты фильм Шынжаң ұйғұр автономиялы өлкесі Үгіт бөлімі, Шынжаң ақпарат баспасөз-радио-телевизия мекемесі мен Шынжаң Тянь-Шань киностудиясы бірлесіп түсірген. Фильмде қытай қазақтарының реформа дәуіне сәйкесіп, заманға сай даму өзгерісі, көшпенді тұрмыстан біртіндеп отырақты өмірге бет алуы, жаңа дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі бейнеленген», деп жазады Қытайда шығатын БАҚ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир