Шығарма халықаралық қазақ ПЕН клубының қолдауымен басылып шықты
Алматыда қазақ прозасының қара нары атанған жазушы Қалихан Ысқақовтың кезекті кітабы ағылшын тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда Қалихан Ысқақовтың кітабы ағылшын тілінде жарық көрді
Шығарма халықаралық қазақ ПЕН клубының қолдауымен басылып шықты. Тың туындының аударма жұмысымен Саймон Гейган айналысқан. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне жазушының туған-туысы, көзін көргендер мен оқырмандары қатысты.
– Қазақ ПЕН клубын 9 жылдан бері басқарып келемін. Осы уақыт аралығында қазақтың 15 шақты классигін ағылшын тіліне аударып, АҚШ-та, Лондонда шығарып жатыр, – деді халықаралық қазақ пен клубының президенті Бигелді Ғабдуллин.
– Маған Қалихан Ысқақовтың шығармасын аудару бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Мен 1990 жылдың басындағы ең үздік шығармасының бірін аудардым. Мен үшін Қалихан Ысқақов – әлемдік деңгейдегі жазушылардың қатарында тұратын прозашының бірі, - деді жазушы, аудармашы Адольф Арцишевский.