Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған күн. Алаш жұрты үшін ардақты датада елге белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері ағартушының мұражай-үйі алдындағы ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында ұлттық жазудың реформаторы атанған қайраткердің ұлы күрестегі еңбегі айтылып, маңызы дәріптелді.
«Ахмет Байтұрсынұлының аманаты – ана тіл болды. Сонау 1929 жылы сол сөзге қызмет ретінде Әуезовті атудан құтқарды. «Советтік идеяны қолдап, ГПУ берген құжатқа қол қой, болашаққа біздің идеямызды, Алаш идеясын жеткіз», – деді жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.
150 жылдықты атап өту Ұлттық кітапханада жалғасты. Алаштанушы ғалымдардың тарихи зерттеуі таныстырылған отырыста Байтұрсынұлының бай мұрасы сөз болды. Оның саясат пен мәдениеттегі, әдебиет пен тіл жолындағы еңбегі айтылды. Қоса кетейік, қалалық әкімдіктің қолдауымен бүгін Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орайластырылған бірнеше іс-шара өтеді.