Алматыда қаламгерлер құрылтайда көтерілген мәселелерді талқылады

29.03.2024 19:19

Жиында ұлттық құндылық, жастарды оқу-білімге қызықтыру сынды мәселелер қозғалды

Almaty.tv

Қазақстан Жазушылар одағында III құрылтайда көтерілген мәселелер талқыланды. Қаламгерлер Атырау қаласында өткен жиында айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсынысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сөзден – іске, адалдық – асыл қасиет» деген атау алған басқосуда жиналғандар ұлттық құндылық, жастарды оқу-білімге қызықтыру сынды мәселелерді қозғады.

– Құрылтай руханиятқа қатысы бар адамдардың ойын ортаға салатын ұйымға айналып келеді. Үшінші отырыс соны дәлелдеді. Ұлттық құрылтайдың штабына ойымызды қағазға түсіріп, жіберіп отырамыз, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала басшысының тапсырмасы бойынша фестивальдар мен форумдарға бюджет қысқарды

Толық көрсету