Алматылық ардагерлер ансамблі Францияның төрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алатау ауданының белсенді зейнеткерлері Париждегі Қазақстан елшілігінің ашық сахнасында қазақ халық әндерін орындап, күй тартып шетелдік көрерменді тәнті етті. Концертке 100-ге жуық көрермен келіп, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты.
– Концертке сонда тұрып жатқан қазақ қауымдастығының өкілдері келді. Қырғызстанның елшісі Садық Шернияз, қоғамдық жұмысқа араласып жүрген француздықтар көрермен қатарында отырды. Концерт өте жоғары деңгейде өтті, көпшілік жақсы қабылдады, – деді Алатау ауданы «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы Сағатулла Таубалды.
– Өте жақсы көңіл күймен аралап келдік. Жақсы демалыс болды. Ардагерлердің алды 63, үлкендері 83 жасқа толды. Ата-әжелерден құрылған ансамбльде әнші, бишілер бар, – деді «Ардагерлер» ансамблінің жетекшісі Тұрхан Сәрсенбаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда Оқушылар сарайындағы обсерватория жұмысын қайта бастады