Түркістан облысында жүк пойызы аударылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында жүк пойызы аударылып, отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түлкібас ауданындағы апат кешкі сағат 19:30-да болған. Ресми ақпарға сүйенсек, Меңлібай – Көктерек аралығындағы жолда жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.  Ал апат салдарын жою үшін оқиға орнына Шымкент станциясынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары жіберілген.

– Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кеткен жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Сондай-ақ жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға 3 қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды, – деді «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсеков.

Айта кетейік, бұған дейін он бағыттағы пойыз тоқтатылған. Жолаушылар тасымалдайтын вагондар тек таңғы сағат 04:00 шамасында жолға шықты. Жеке вагондағы дөңгелек жұбы осінің сынуы апатқа себеп болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен мыңнан астам павлодарлық жауапкершілікке тартылды

Новости партнеров