Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл: Алматыда зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жиында көрнекті қоғам қайраткерінің жанкешті тағдыры мен қайталанбас туындылары талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазушының ел мүддесі үшін атқарған еңбегі орасан зор. Осылай деген зиялы қауым өкілдері кітапханада жастармен кездесті. Жиында көрнекті қоғам қайраткерінің жанкешті тағдыры мен қайталанбас туындылары талқыланды. Алдағы уақытта халық жазушысының мерейтойы аясында бірнеше шара өтеді.

«Бүгінгі әдеби кешімізге залымызды толтырып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенттері, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің студенттері, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері қазір Шерхан ағамыздың шығармасынан үзінді қойып береді», – деді А.П.Чехов атындағы кітапхана қызметкері Айнұр Балаубаева.

Айта кетейік, Шерхан Мұртазаның шығармаларын Чехов атындағы кітапханадан оқуға болады. Егер Алматыда тіркеу болса, туындыны 2 аптаға үйге алуға рұхсат берілген. Қазір кітапхананың 55 мың тұрақты оқырманы бар.

Новости партнеров