Бүгін – "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" күні

sauap.org
sauap.org
Бұл күн ешқандай құжатта көрсетілмегеніне қарамастан, көпшілік арасында кеңінен аталып өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 2011 жылдан бастап 15 сәуір ғашықтар күні ретінде аталып өтіледі. Ел арасында бұл күнді – "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" күні деп те атайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл күнді атап өту туралы бастама 1999 жылы көтерілген болатын. Осы мереке ХIV-XV ғасырлардағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу махаббатының символы ретінде аталып өтіледі.

Ғашықтар күнінің тарихы

Әр жыл сайын бұл мереке 15 сәуір күні аталып өтеді. Мәңгілік махаббат символына айналған Қозы мен Баян күнін алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Дархан Мыңбайдың бастамасы көптің көңілінен шықты, бірақ мерекенің нақты күні көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастады. Мәселен, Таразда 15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, Семейде 11 наурыз – Баян күні, ал Қызылордада 19 мамыр – Қозы күні аталсын деген ұсыныс айтылды.

Қазақстанда тек 2011 жылдан бастап бұл күн мереке ретінде тойлана бастады. Мәселен, сол жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шарасының қатарына қосты.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жыры Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасы тұсында қағазға түсірілді. Қозы мен Баян эпосы Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар арқылы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Бүгінде 20-ға жуық нұсқаның ішінен ең белгілісі – Жанақтың нұсқасы. Белгілі жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің осы аттас пьесасы бар. Шығарма 1939 жылы сәуір айында жазылып біткен. Баян Сұлу – Қозы Көрпеш трагедиясы алғаш рет 1940 жылдың 29 сәуірінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды.

Ал 1992 жылы Асанәлі Әшімов түсірген "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" кинокартинасы көрермендерге жол тартты. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі бар. Былтыр қаңтар айында мазар "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді.

Бұл мереке әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтіледі. Алайда, Азия, Еуропа, Американың көптеген елі махаббат күнін ақпанда тойлайды. Бүгін қазақстандықтармен бірге ғашықтар мерекесін грузин халқы мерекелеп жатыр.

Новости партнеров