Алматыда қандай киножобаны мемлекет қаржыландырады

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл 208 өтінім қабылданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылмақ. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл елімізде бір мезгілде 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильмнен тұратын түрлі жанрдағы 62 киножоба түсірілмек.

«Биылғы жылы сараптама тобы 80 пайыз өзгерген. Оның құрамы жастар. Жақсы өзгерісіміздің бірі», – деді Қазақстанның халық әртісі, «ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы сараптама кеңесінің төрағасы Досхан Жолжақсынов

Айта кетейік, биыл киножобаны қорғауға 208 өтінім қабылданған. Толықметражды 122, қысқаметражды 22 фильм.

«Биылғы жылы мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгеден асқанын атап өткен жөн. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар фильмдерге анимацияны қоса алғанда 4,95 млрд жұмсалатын болды. Дебют санатындағы фильмдерге шамамен 500 миллион теңге. Кең ауқымды көрермен аудиториясына арналған ойын фильмдеріне 129,5 млн. теңге, бірлесіп шығаратын фильмдерге 25 млн теңге көзделген», – деді «ҰКҚМО» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов.

Новости партнеров