Қара сөзден кесте тігіп, өлеңі әнмен өрілген өр тұлға, белгілі жыршы-ақын Шөмішбай Сариевтің есімі бүгін тағы ұлықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақ поэзиясының қара нары, аудармашының құрметіне Алматыда «Дүниені жалт қаратсам деп едім...» атты музей-бұрыш ашылды. Онда Шөмішбай Сариевтің қолжазбалары, марапаттары, фотоальбомдары мен сыйлықтары, кітаптары мен төсбелгілері қойылған. Мемлекеттік архивке ақынның мұраларын жұбайы Жұмагүл Сариева тапсырған. Салтанатты рәсімге жақындары мен замандастары, зиялы қауым өкілдері, композиторлар мен эстрада жұлдыздары қатысып, естелік айтты.
– Бұл – бір дәуірдің түйінделген сәті және сол дәуірге беріліп жатқан баға. Қазақтың көрнекті сөз өнерінің дүлділі, ақыны Шөмішбай Сариевтың рухы аунап түсіп жатыр. Біздің замандасымыз, қанаттасымыз Шөмішбайдың әруағы риза болсын! – деді ақын, драматург Нұрлан Оразалин.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті