Жазира Байырбекова түн ішінде емдейтін көршісі жайлы айтып берді

Жазира Байырбекова түн ішінде емдейтін көршісі жайлы айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жанболат пен Жазираның отбасында қоныс той. Жұлдызды жұп жақында Алматының қақ ортасынан жаңа пәтер алды. Сондықтан да әнші жаңа көршілерімен танысып үлгермегенін айтады. Ал бұрынғы көршілерімен әнші етене араласқан екен.

Бұл туралы Жазира Ұлттық арнаға берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Жақында ғана жаңа жерге көштік. Өзімізге ыңғайлы қаланың ортасына… Ол жерде кім тұратынын танымаймын, шынымды айтсам. Менің Ләззат дегер көрші әпкем болды. Ол кісі мен түнде келсем де, келіп мені емдейтін. Уколын, системасын салып. Мен оны қонаққа шақырып. Туған әпкемдей болып кетті. Сол кісіні көрмегелі көп болды. Қазір есіме салдыңыз, барып көріп қайту керек болып тұр», – дейді Байырбекова.

Әріптестерімен салыстырғанда Майғазиев көршілерін жақсы таниды. Айтуынша, бір аулада тұратын ағайындар ауылдағы туыстардан да жақсы араласады екен.

«Көршілерді ішінде әйел азаматшалар да бір-бірімен қатты тығыз байланыста. Ер азаматтар да бір-бірімізге деген құрметіміз биік. Әйелдерге қатысты айтайын дегенім, мысалы, бір көршіміз Өскеменнен бал алып келеді, менің келіншеігім ауылдан алма келді деп алып бара салады», – дейді Сәкен.


Новости партнеров