«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»: Алматыда оқушылар айтысы өтті

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»: Алматыда оқушылар айтысы өтті
Оған еліміздің әр түкпірінен 16 оқушы іріктеліп алынып, 8 жұп болып айтысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін». Алматыда осындай атаумен үшінші рет оқушылар арасында республикалық айтыс өтті. Оған айтыстың қара нары Жүрсін Ерман төрелік етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық өнерді дәріптейтін дода қаладағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған интернатта ұйымдастырылды. Жарысқа бағын сынау үшін еліміздің әр түкпірінен 16 оқушы іріктеліп, 8 жұп болып айтысты. Шараның басты мақсаты – рухани мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру дейді ұйымдастырушылар. Сөздерінше, додадан ешкім сыйлықсыз қайтпайды. Барлығына қаржылай сыйлық табыстылады.

«Бұл іс шарамыздың жылдан жылға өзінің деңгейін көтеріп келе жатқанына бізде қуантады. Себебі мектеп қабырғасында жүріп ақындар өздерінің болашаққа жасайтын қадамдарын ойланып, таңдайтын мамандығын болашақ істерімен ұштастыруы керек. Сондықтан да бала кезінен айтысқан ақындардың жас ұлғайған кезінде еске ала алатын тарихы болады», – дейді «Асыл тас» қорының президенті Дулат ТАСТЕКЕЕВ.

Новости партнеров