"Тізесі шығып кетіпті": Шашын өсіріп алған Тәуекел Мүсілім елге жақпай қалды (фото)
Оқырмандардың бірі актердің өсіп кеткен шашы туралы айтса, енді бірі шалбарының тізесі шығып кеткен деп қынжылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жақында жұртқа жаңа бейнебаянын ұсынған Кәмшат Жолдыбаева өз Instagram парақшасында Азамат Сатыбалды, Тәуекел Мүсілім және Нұрболат Абдуллинмен түскен суретін жариялады. Ал көпшіліктің көзі әнші қызға емес, танымал актердің жаңа образына түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәмшаттың айтуынша, Шымкентке аттанып бара жатқан өнерпаздар жаңа бейнебаян туралы талқылаған.
"Шымкенттен ауылға қайтып барамыз. Азамат мені "Неге клипке мен емес, Тәуекел емес, Нұрболат емес, Руся түсті?" деп сұрақ астына алуда...", - деп жазған ол.
Дегенмен, жұрттың назарын Кәмшат емес, образын өзгерткен Тәуекел Мүсілім аударды. Оқырмандардың бірі актердің өсіп кеткен шашы туралы айтса, енді бірі шалбарының тізесі шығып кеткен деп қынжылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34