|
04.03.2019 | 15:05
7438

Төреғали Төреәлі ұлды болды

Төреғали Төреәлі ұлды болды

Елімізге танымал хитмен ұлды болды. Төреғали Төреәлінің жары үш қыздан кейін шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді.    

Сүйінші хабарды Төреғалидің өзі Instagram-дағы парақшасында өлеңмен жеткізді.

«Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,

Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!

Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,

Көбейетін болды ғой шалбарымыз.

Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,

Қалсын деп артымыздан жалғанып із.

Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,

Қалайша ұмытайық Алланы біз!

Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,

Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.

Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,

Мінекей орындалды арманымыз.

Халайық баршаңызға раxмет,

Недеген жайдары еді жандарыңыз.

Мен сіздерден сүйінші сұрап тұрмын

Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!

P.S Атқа мінер туғанын көрсетіп тұр

Атқа мінген суретті салғанымыз!» - дейді Төреғали.

Айта кетейік,  2014 жылы отбасын құрған Төреғалидің Томирис, Тоғжан, Фатима есімді үш қызы бар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир