|
26.05.2023 | 15:06
742

Алаштың сөнбес жұлдызы: республикалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Іс-шараның басты мақсаты – дәрігерлер арасында Мағжан Жұмабаевтың мұрасын насихаттау

Алаштың сөнбес жұлдызы: республикалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды Almaty.tv

Алматыда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты республикалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа тек медицина қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – дәрігерлер арасында ана тілі мәдениетін қалыптастыру, Мағжан Жұмабаевтың мұрасын насихаттау және ақ халаттылар арасында шығармашыл тұлғаларды анықтау.

– Марқасқа ақын Мағжанды ел болып ұлықтау іс-шарасына денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де атсалысып жатыр. Арнау өлең оқып, қатысып ем, бірінші орын бұйырыпты! Өте қуаныштымын! Қазақта ақын, жазушылары көп. Мағжандай ақындарды ұлықтау – парызымыз, – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметкері Жадыра Саттарова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир