Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып құлады. Төбесінен бөлек, едені шіріп, ғимарат төтенше жағдайға жетуге шақ қалған. Ең сорақысы, аталған ғимараттың сыртына оның қауіпті екені жазылған тақтайшалар да қойылмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал қала әкімдігі олқылықтардың пайда болуына мекеменің 10 жыл жөндеу көрмегені себеп деп сылтауратып отыр. Сөйтіп облыстық әкімдікке құрылыс жұмысын жүргізуге қаражат сұрап, өтінім жіберілген екен. Егер шешім қабылданса, қалалық мәдениет үйі 105 миллион теңгеге жөндеуден өтпек.
«Өздеріңіз көрдіңіздер, тіреуіші қисайып қалған. Сол үшін біз мәдениет үйін жаптық. Қазір ол жұмыс істемейді. Жасалған сараптама бойынша ПЗД істелді. Ол қазір экспертизада жатыр. Экспертиза дайын болған соң, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастаймыз», – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин.