Алматыда «Музей түні» акциясы алғаш рет онлайн өткізіледі

Онлайн іс-шаралар музейлердің әлеуметтік желілерінде көрсетіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай онлайн іс-шаралар афишасы ұсынылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, Д. А. Қонаев музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Н. Тілендиевтің мемориалды музейлерінде «Музей түні – 2020» онлайн акциясын өткізеді.

Айта кетерлігі, барлық іс-шаралар музейлердің әлеуметтік желілерінде (Инстаграмм, Фейсбук, сайт) 18.00 – 23.00 уақыт аралығында көрсетіледі.

Акция бағдарламасында:

1. Алматы музейі

18.00 – Музейдің реставратор маманы, зергер – Нұрлан Бектұрсыновтың орындауында қазақтың зергерлік бұйымдарын жасаудан онлайн шеберлік сағаты

19:00 – Музей экспозициясы бойынша «4 сурет 1 сөз» квест ойыны

21:00 – «Сен Алматы тарихын білесің бе?» тақырыбында онлайн викториналық сұрақтар

Instagram: @almatymuseum

Facebook: Музей Алматы - Алматы музейі

2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

19:00 – Онлайн лекциялар (музыкалық археология, сасандо және сансин музыкалық аспаптары жайлы)

20:00 – Қобыз және жетіген аспаптарын жасау бойынша шеберлік сағаттары

21:00 – Дәстүрлі музыкалық концерт

22:00 – Ойындар

23.00 – Марапаттау

Instagram: @ykhlas_museum

Facebook: Халық Музыкалық Аспаптар Музейі

3. С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені

1. 18.00-19.00 – Онлайн экскурсия. С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені бойынша экскурсиялық шолу (қазақ және орыс тілдерінде)

2. 20.00 – "Он сауал - оң жауап" тақырыбында сұрақ-жауап ойыны

3. 21 .00 – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің музей кешені туралы видеоролик көрсетіледі

Instagram: muzey_s.g.m

Facebook: Ғабит-Сабит Муканов-Мусрепов

4. Д. А. Қонаев музейі

1. 18.00 – Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы онлайн викториналық сұрақтар

2. 19.00 – Д.А.Қонаев музейінде онлайн экскурсия

3. 21.00 – Деректі фильм көрсетілімі

Instagram: museumkunaev

Facebook: Д.А.Қонаев музейі

5. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

19.00 – «Ғасырлар үні» концерттік бағдарламасы

19.10 – «Түнгі музей студиясында», қонақта Нұргүл Жақыпбек

19:20 – «Аспаптар сыр шертеді» көрме

19:30 – «Ұлттық өнерді насихаттаймыз» «Qazaq óner» қолөнер орталығының виртуалды экскурсиясы

19:45 – Төрткен Кененқызы «Кенен Әзірбаевтың өмір жолы» (еске алу онлайн сабақ)

20:00 – «Қобыз – көненің көзі» атты мастер-класс (тікелей эфир)

21:00 – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Нұржан Жанпейісов тікелей эфирде

22:00 – ҚР Мәдениет қайраткері – Талғат Әбуғазы тікелей эфир

23:15 – «Түнгі музейге саяхат»  квест-ойыны

Іnstagram multimedia_center

Facebook Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы

6. Н. Тілендиев мемориалдық музейі

17.00-18.00 – Н.Тілендиевиің мемориалды музейіне саяхат

18.00-19.00 – Белгілі өнер иесі, күйші, композитор Дүйсебай Шаштайұлымен тікелей эфир

19.00-20.00 – "Н.Тілендиевтің күйін немесе әндерін ең үздік онлайн-орындау" байқауының қорытындысын жариялау

20.30- 21.30 – Опера әншісі Фархат Кубиевпен тікелей эфир

21.40 -22.30 – Домбыра аспабын жасау туралы шеберлік сағаты

Instagram: tlendiyev_museum

Facebook: Мемориалный музей Н.Тлендиева.


Новости партнеров