Рақмет саған, Анашым: Алматыда аналарға арналған игі бастама жалғасын тапты

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараға Алматы әкімдігі қолдау білдірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Рақмет саған, Анашым» атты аналарға арналған игі бастама жылдағы дәстүр бойынша биыл да ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қыз-келіншектердің еңбегін бағалап, қоғамға сіңірген еңбегін елеу – бұл кештің басты мақсаты. Мерекелік кештің меймандарына арнайы сыйлық табыс етіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Салтанатты іс-шараның шымылдығын «Сазген сазы» этноансамблі дәстүрлі композициямен ашып берді.  

«Қоғамға еңбегі сіңген азаматтар, журналистер, дәрігерлер, ұстаздар, спорт шеберлері және де заң қызметкерлері анасымен бірге келіп, мерекелік кешке дастархан жаяды», – деді ұйымдастырушы Айнұр Аралбайқызы.

«Рақмет, саған Анашым!» деп қайырымдылық жасау, аналардың басын қосу, ананың көңілін табу – керемет бастама. «Пейіш – ананың аяғында» демекші, ұйымдастырушаларға алғысымды білдіргім келеді», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова.

Алматы әкімдігі қолдау білдірген іс-шараның ауқымы кеңейіп, оған Алматы облысынан қонақтар да шақыртылды. Игі бастаманы ұйымдастырушылар іс-шараны дәстүрлі өткізбек.

«Аналарға арналған іс-шара бөлек деңгейде өтіп жатыр. Сәттілік тілейміз. Алматыда бірінші рет өтіп жатыр», – деді Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Дәулет Шайтұрсын.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұстаздар мерекесі қай күні аталып өтеді


Новости партнеров