Елімізде музей қызметкерлерінің орташа жалақысы аталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшсі inform.kz-ке сілтеме жасап.
— Бүгінде елімізде 270-тен астам музей бар. Музейге қатысты мәселенің бірі — кадр. Маман жетіспеушілігі бар, кадр даярлау керек. Музей ісін түсінетін, тарихи, мәдени ескерткіштер мен мұраларды ажыра алатын маман болған жөн. Қазіргі уақытта музей қызметкерлерінің орташа жалақысы 200 мың теңге, - деді Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева.
Бұл туралы ол елордада өтіп жатқан музей қызметкерлерінің І конгресі барысында айтты. Оның айтуынша, елімізде музей ісі жыл сайын дамып келеді.
— Бүгінде музей ісіне жастардың қызығушылығы артып келеді. Қазір біздің музейде 20-дан астам жас маман бар. Бұл елорда бойынша, ал өңірлерде жағдай басқаша. Ұлттық музейде 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді, - дейді Ақмарал Ибраева.
Оқи отырыңыз: Елордада музей қызметкерлерінің І конгресі ұйымдастырылды