Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның өмір жолына арналған «Алтынсарин алауы» кітабының жалғасы жарық көреді. Бұл туралы аталған туындының бенефисінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда өткен жиында әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылар бас қосып, ағартушы-педагог туралы кітапты ортақ талқыға салды. 1864 жылы алғаш қазақ мектебін ашқан Ыбырай Алтынсаринның тағдыры баяндалған шығарманың бенефисіне жазушылармен қатар, жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.
– Бұл кітап Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған басқа кітаптарға ұқсамайды. Бұрын қысқа-қысқа түрлі шығарма, поэма жазылған. Кітапта ұлы тұлғаның балалық, жастық шағы қамтылады. Сонымен бірге алғашқы мектеп ашу кезінде көрген қиындығы суреттеледі, – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрдәулет Ақыш.
Оқи отырыңыз: Чемпион: Бекзат Саттархановқа арналған қойылымның премьерасы өтті