Қамшының қасиетін білесіз бе

vk.com
vk.com
Қазақта оның 66 түрі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қамшы – қазақ халқының баға жетпес құндылығы. Тұрмыстық мәдениетімен біте қайнасқан жабдық. Қарсыласқа қолданар қару. Қазақта оның 66 түрі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қамшыда кие болады. Оның киелігі бағзыдан бабаларымыз адам желігіп, желденіп, есі ауысқанда сары ала қамшымен ұшықтап, емдеген. Баланы бесікке саларда да жүгенді ат ұстайтын ер-азамат, ел қорғайтын батыр болсын деп бұйымды кебенекпен бірге жапқан.  

– Қамшының 66 түрі бар. Шашақ ұшынан бүлдіргесіне дейінгі сабы 36 құрамнан құралады. Ол – ғылымдық, мәдениеттік, дәстүрлік сипат алған дүние. Аттың үстінде қамшы ұстаған жігіт айбарлы көрінеді, – деді этнограф Болат Бопай.

Айбарлы көрінетіні рас. Бұл бұйым ертеректе қару ретінде де қолданылған. Жауға, дауға барғанда, барымта жасағанда ұрмаса да, тақымыңда шоқпар, оң қолыңда қамшы болған. Демек, қазақ қолөнерің бұйымы бірнеше функция орындайды. Ал оны әспеттеп, бірнеше таспада өру үшін кемі 7-10 күн кетеді.

Серік Қабылқақұлы – қазақ қолөнерінің қыр-сырын меңгеріп, оны дәріптеп жүрген жан. Қамшының алақанына көмкерілетін зергерлік бұйымдардан бастап, терісін, сабын толықтай өзі істейді. Жасаған дүниесіне ат қойып, айдар тағады. Оның айтуынша, әр туынды ерекше ықыласпен дайындалады. Себебі қамшыны қолға ұстаған жанға ол жігер беруі қажет.

– Бойымда жігер пайда болды. Оны білеулеп санға ұра бастайды. Бұл – адамның бойындағы қанның қызуы. Демек, ол үйімізде ілініп тұратын болса, сол шаңырақта қазақтың иісі аңқып тұрады. Қамшы қазір құндылығын жоғалтқан жоқ, – деді шебер Серік Күзембаев.

Қамшының үйлену жоралғысындағы рөлі – құда түсуге келгенде қыздың атасы керегеге қамшысын іліп кететін болған. Яки, аттастырылғанын білдірген. Салт-дәстүрмен бірге келе жатқан қамшыны әр қазақ қастерлеуі қажет.

Қайрат Советбекұлы, Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Әл-Фараби даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды


Новости партнеров