|
10.07.2019 | 15:17
3604

«Құрбандыққа барады»: Тұңғышбай Жаманқұлов қазақтың бір түндік актрисалары туралы айтты

Белгілі актер осы уақытқа дейін бірде бір қыздың көз жасына қалмағанын айтады

«Құрбандыққа барады»: Тұңғышбай Жаманқұлов қазақтың бір түндік актрисалары туралы айтты

Тұңғышбай Жаманқұлов қазақтың бір түндік актрисалары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі актер осы уақытқа дейін бір адамның көңілін қалдырып, бір қыз баласына зиянын тигізіп көрмегенін айтады. Өзінің жеті қарындасы болғандықтан, оның әйел затына деген құрметі ерекше. Актер әр қазақ қызын өзінің қарындасындай көретінін жеткізді.

«Мен ұятты емеспін. Жеті бірдей қарындасым бар. Сондықтан осы жасқа келгенше не бозбала, не жігіт болып, не жынды болып бір қыздың көз жасына қалған емеспін. Себебі үнемі қарындастарым ойымда тұрады. Ол да біреудің қызы ғой. Бір тал шашын түсіруге қолым бармайды. Ойнап-күліп кетіп қалу – жігіттік, азаматтық емес», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сонымен қатар, Тұңғышбай Жаманқұлов қазақ актрисаларының арсыз қылыққа баратынын да жасырмады. Өнер жолында оңай жетістікке жету үшін, арын сататын талай қызды көрдім дейді ол. Алайда, олардың барлығы бірдей қалағанына қол жеткізбейтінін айтады актер.

«Өнерде қыз баланың жолы қиын. Қазір тіпті қиын. Қыздарымыз өнердің жолы ауыр екенін біліп, жарқ етіп шығудың амалын іздеп тұрады. Тіпті сол үшін бір түндік, бір күндік құрбандыққа баратындары да бар. Бірақ ол арқылы діттегеніне жеткендерін де, кейін ұмытылып, жете алмай қалғандарын да білемін», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир