Алматыда Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған концерт өтті

Алматыда Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған концерт өтті
«Дала қоңырауы» атты мерекелік шарада ұлт ұстазының шығармаларынан үзінділер оқылып, тарихи сәттер сахналанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Дала қоңырауы» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өнерпаздар ұлт ұстазының шығармаларынан үзінділер оқылып, тарихи сәттерді сахналады. Қазақ педагогикасының негізін салып, халқын алға жетелеген тарихи тұлғаның өмірінен сыр шертті.   

«Ыбырай атамыздың еңбектерін оқып өстік. Қазіргі жастар да, қазіргі ұрпақ та Ыбырай Алтынсарин мұрасына соқпай өте алмайды. Ол кісінің халықты, жас ұрпақты тәрбиелеуге еңбектерінің мәні зор», – деді ҚР Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында ұйымдастырылған іс-шараға өмірлік жолын білімге арнап, Ыбырай Алтынсариннің жолын қуған ұстаздар да келді.

Айта кетсек, тәуелсіздік жылдары тарихи тұлғаның шығармалары қайта зерттеліп, оның есімі қайта ұлықталды. Бүгінде «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі – ел педагогтері үшін ең жоғары жетістік.  

«Тәуелсіздік жылдарында Ыбырай Алтынсарин тағылымына үлкен мән берілді. Біз соған қуанамыз. Өйткені Ыбырай Алтынсарин дәстүріндегі оқыту, жаңадан мектептер ашу, достықты нығайту арқылы қазақ ұлтының ұлттық байлығын рухани жаңғыру аясынан таныту мәселесі қолға алынды», – деді филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов.

Новости партнеров